"Әділет" партиясының облыстық филиалында конференция өтті. Жиында филиал басшысы, саяси кеңес мүшелері және бақылау -тексеру комиссиясының құрамы сайланды. Негізгі мақсат - Мемлекет басшысының «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір» үндеуін қолдау болды. Ашық дауыс беру нәтижесінде партияның облыстық филиал басшысы ретінде Ербол Данағұлов сайланды. Саяси кеңес құрамына шағын және орта бизнес, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үкіметтік емес сектор, бұқаралық ақпарат құралдары мен өзге де бағыттардың өкілдері енді. Ал, бақылау-тексеру комиссиясының құрамына экономика, бухгалтерлік есеп, заңгерлік және өзге де кәсіби арнада тәжірибесі бар мамандар кірді. Басшылық органдардың қалыптасуы «Әділет» партиясының облыстық филиалын құрудың ұйымдастырушылық кезеңін аяқтап, тұрғындарымен партиялық бастамаларды іске асыруға кіріседі.