Шілденің алғашқы жексенбісі- ұлттық домбыра күні. Бұл -халқымыздың үнін, тарихы мен танымын қос ішекке сыйдырған төл аспабымызды ұлықтайтын мереке. Атаулы датаға орай Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасында "Домбыра-асыл мұра" атты кеш өтті.