Ұлттық домбыра күніне орай Әлия мемориалдық музейінде тағылымды шара өтті. Ер Едіге жыр мектебінің ұжымы батыр қыз Әлия Молдағұловаға арналған жаңа жыр туындысының таныстырылымын өткізді. Бұл - мерген қыздың ерлігіне арналған жырдың тұңғыш рет көпшілікке ұсынылуы. Кеш барысында жыршылық өнер насихатталып, ұлттық рух пен тарихи мұраны дәріптеуге ерекше мән берілді. Шараға зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер қауым мен жастар қатысып, батыр қыздың ерлігі жыр арқылы ұлықталды.