Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетінде биыл 3 мыңнан астам түлекке диплом табысталды. Салтанатты рәсімде тоғыз факультетті тәмамдаған жас мамандар көптен күткен дипломдарын қолдарына алды. Оның ішінде 300 түлек оқуын үздік аяқтап, қызыл диплом иегері атанды. Университет басшылығы түлектерді құттықтап, олардың еліміздің түрлі саласында еңбек етіп, өңірдің дамуына үлес қосатынына сенім білдірді. Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.