Балабақша тәрбиеленушілеріне ойын-сауық форматында жол қозғалысы ережелері мен жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Ашық аспан астында өткен шара «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылды. Танымдық квест арқылы балалар күнделікті өмірде қажет болатын қарапайым қауіпсіздік ережелерін меңгерді.