Еліміздің жаңарған төлқұжатында медицина саласына қатысты да жаңа өзгерістер бар. Ата Заңда "Адам - мемлекеттің басты құндылығы" екендігі анық жазылған. Оның өмірі, денсаулығы мен бостандығы конституциялық деңгейде қорғалады. Енді азаматтардың денсаулығын қорғау бұрынғыдан да маңызды басымдыққа айналмақ. Ең бастысы әрбір ел азаматы үшін медициналық көмек алу қолжетімділігі артады. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа Конституция өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытып ғана қоймай, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін күшейтуге ықпал етеді.