Заңды тұлғалардың Азаматтық орталығында жаңа Конституцияның маңызы мен оның азаматтық қоғамның дамуына ықпалына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар және өңірдегі азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлер, азаматтық қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметшілер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жаңа жағдайда атқарылатын жұмыс бағыттарын талқылады. Ашық пікір алмасу форматында өткен жиында қатысушылар өз ұсыныстары мен тәжірибелерімен бөлісті.