Заңсыз саудамен күрес күшейтілді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатында қала полициясы кезекті рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізді. Рейд барысында халық көп жиналатын орындар мен көшелерде белгіленбеген орындарда сауда жасаудың бірнеше дерегі анықталды. Заңсыз сатылымға шығарылған өнімдердің қатарында қарбыз-қауын және дайын тағамдар, оның ішінде кәуап та бар. Құқық бұзушыларға заң талаптары түсіндіріліп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.