Ұлттық аспапты жанына серік еткен қаламыздың талантты жас өнерпаздары да Домбыра күнін атап өтті. Шараны Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ұйымдастырды. Халқымыздың тарихы, рухы, шежіресі мен қадір қасиеті тоғысқан қазақтың қара домбырасы аталған шарада ұлықталып, жас өрендер жыр термеден шашу шашты.