Ұлттық домбыра күніне орай ерекше форматтағы «DOMBYRA терапия» атты акустикалық кеш ұйымдастырылды. Облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткен мерекелік шарада өнерлі жастар қала тұрғындарының назарына концерттік бағдарламасын ұсынды. Ұлттық өнерді заманауи форматта насихаттауды мақсат еткен талантты жастар ашық аспан астында күмбірлете күй тартып, халық әндерін әуелете шырқады.«DOMBYRA терапия» кеші көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жаңа үлгісін көрсетті. Жиналған жұртшылық жастардың өнеріне ризашылық білдіріп, ұлттық аспаптың үніне тәнті болды.