Жаңа Конституцияда білім беру, ғылым, инновация және адами капитал мемлекеттің маңызды стратегиялық бағыттарының бірі ретінде бекітілді. Бұл – бүкіл қоғам үшін айрықша құндылықтық бағдар. Осы мәселеге Ақтөбе өңірлік университетінде өткен Ғылыми кеңестің қорытынды отырысы арналды. Еске салайық, жаңа Конституция жобасы ғылыми қауымдастықтың қатысуымен әзірленді. Олардың қатарында өңіріміздің ғалымдары да болды. Сонымен қатар, ақтөбелік ғалымдар жаңартылған Ата Заңның мәні мен маңызын халыққа түсіндіру жұмыстарына белсенді атсалысты. Жиын барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланып қана қоймай, еліміздің жаңа даму кезеңіндегі алдағы міндеттер де айқындалды.