Грек-рим, еркін және әйелдер күресіне арналған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Заманауи спорт нысаны жас балуандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, халықаралық жарыстарға дайындалуына мүмкіндік береді. Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Асхат Шахаров пен Қазақстан Республикасы Күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов қатысты. Қонақтар жаңа нысанның жас спортшылар үшін маңызына тоқталып, ел спортының дамуына серпін беретін жоба екенін атап өтті.