Осы саладағы өзекті мәселелер пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қатысуымен өткен форумда талқыланды. Мамандардың пікірінше, енді тұрғындардың құқығы айқындалып, әрбір жиналған қаражаттың жұмсалуы ашық болады. Басқарушы тараптардың міндеттері нақтыланып, жүйеде әділдік пен сенімділік арта түспек.