ПАРА ЖӘНЕ СУРДО ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАСЫНАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан облыстық чемпионат өтті. Турнир іріктеу кезеңі болып саналады және республикалық жарыстарға жолдама беруге бағытталған. Үздік шыққан спортшылар Қазақстан чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алды.