Өңірде ауыл шаруашылығына қауіп төндіретін шегіртке тұқымдастарына қарсы кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мамандар үйірлі шегірткенің үш түріне, яғни италиялық, азиялық және саяқ шегірткеге тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр. Былтыр облыста 4 миллион 695 мың гектар жерге зерттеу жүргізу жоспарланған. Оның ішінде азиялық шегірткеге 431 мың гектар, ал италиялық прусқа 4 миллион гектардан астам аумақ қаралған. Биыл италиялық шегірткеге қарсы 500 мыңдай, ал саяқ шегірткеге қарсы 160 мың гектардан астам жер өңделеді. Сонымен қатар, шалғай және көлік жетпейтін аумақтарды бақылау үшін дрондар қолданылуда. Облыс көлемінде арнайы штаб құрылып, көршілес өңірлермен және Ресей Федерациясымен бірлескен жұмыс жолға қойылған. Бүгінгі күнге аудандардың берген дабылдық хабарламасына сәйкес 4 мамырда Шалқар, Ырғыз аудандарында үйірлі шегіртке дернәсілдерінің алғашқы жер бетіне шығуы байқалды