Өткен 15-ші наурызда қазақстандықтар жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституцияны қабылдауға жаппай дауыс берді. Енді еліміздің негізгі Ата заңы - 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Онда мемлекеттің құқықтық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да салалардағы бірқатар өзекті мәселелері айрықша қарастырылған. Қазіргі уақытта өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Әсіресе, жоғары оқу орындарында жастармен танымдық кездесулер өтуде. Айталық, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінде Жаңа Конституциядағы негізгі бағыттар мен баптар студенттерге түсіндірілді.