Өңірге жұмыс сапарымен сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова келді. Ведомства өкілінің қатысуымен өткен кездесуде сауда саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жиында 2025 жылдың қорытынды көрсеткіштері таныстырылды.

Министрлік мәліметінше, былтыр сауда саласының нақты көлем индексі 108,9% құрап, жалпы экономикалық өсімге 26% үлес қосты. Ішкі тауар айналымында да оң динамика байқалады. Өсім 14,6% артып, 80 триллион теңгеге жеткен. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 10 триллион теңге төмен болған. Кездесуде отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Енді сауда сөрелерінде қазақстандық өнімнің үлесі кемінде 30% болуы тиіс. Ал мемлекеттік қолдау алатын кәсіпорындар үшін бұл талап бұдан да жоғары.