«Amanat» партиясының бастамасымен облыста «Turgyndar amanaty» жобасы басталды. Осыған орай өңірде ауқымды өңірлік форум-семинар өтті. Іс-шара тұрғын үй қорын басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталды. Форум алаңында билік өкілдері, заң шығарушылар және Меншік иелері бірлестігі мен Пәтер иелері кооперативінің басшылары бас қосты. Жиынға Amanat партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Мәжіліс депутаттары Екатерина Смышляева, Қазыбек Әлішев, сондай-ақ облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты. Шара жалпы саны 200-ге жуық адамды қамтыды. «Turgyndar amanaty» жобасы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кеткен жөн, жоба аясында Меншік иелері бірлестігі және Пәтер иелері кооперативінің төрағаларына арналған "OSI-SKILLS" оқыту семинарлары ұйымдастырылады. Цифрландыруды, сервистік қызмет сапасын арттыру бойынша да жүйелі жұмыс жүргізілмек.