"Бес асыл" республикалық өнер сайысында "Ақтөбе" командасы келесі кезеңге жолдама алды. Ұлттық өнер ұлықталған шарада Қостанай мен Ақтөбе облыстары командалық айтыста бәсекеге түсті. Жыр бәйгесіне келіп, жергілікті командаға қолдау көрсеткен ақтөбеліктер Өнер орталығы залын лық толтырды.