Аймақ жұрты "Бірлік күнін" кең көлемде атап өтті. Өткен 1-ші мамырда шаһардың орталық алаңында ауқымды мерекелік шара ұйымдастырылды. Сахна төрінде отандық эстрада жұлдыздары мен өңірге танымал өнерпаздар өнер көрсетті. Концертке келген қала тұрғындары этномәдени бірлестіктер өкілдері дайындаған көрмені де тамашалады.