"Алтын Орда" адам танымастай өзгереді. Жаңа мөлтек ауданда драма театры, стадион және көпфункционалды спорт аренасының құрылысынан бөлек, жеке инвесторлардың қаржысына жаңа форматтағы сауда- ойын сауық кешені, 4 жұлдызды қонақ үй, қоғамдық-іскерлік аймағы салынады. Тамақтану орындары мен саябақтар, әлемдік деңгейдегі Падел теннис орталығы бой көтермек. Бүгін шаһар басшысы Азамат Бекет қаланың болашақ дамуы туралы жоспарларымен бөлісті.