Өңірде дуалды оқыту жүйесі белсенді түрде енгізілуде. Бұл жүйе бойынша студенттер теориялық білімді оқу орнында меңгерсе, тәжірибелік дағдыларды тікелей жұмыс орнында шыңдайды. Мәселен, Жайсаң көпсалалы колледжінің білім алушылары ақылы өндірістік тәжірибеден өтіп, кейін тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласы жас мамандармен толықтырылуда.