Отан қорғаушылар күні қарсаңында №8 орта мектепте «Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат» тақырыбында «Ерлік сабағы» өтті. Оқушылармен кездесуге саналы ғұмырын әскери салаға арнаған полковник, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрметті ардагері Қажымұқан Сәтенов арнайы келді. Германия, Қиыр Шығыс және Африка елдерінде абыройлы қызмет атқарған ардагер жастарды Отанды сүюге, елге адал қызмет етуге шақырды. Кездесу барысында өскелең ұрпаққа ел қорғаған батырлардың ерлігі дәріптеліп, әскери қызметтің маңызы кеңінен түсіндірілді.