Шалқар көпсалалы колледжінің базасында №5 аумақтық білім беру округіне қарасты магниттік мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері арасында «Babу Skills», «Jas Skills», «Junior Skills-2026» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Ауқымды шара «Қадам-life» облыстық кәсіби бағдар беру жобасы аясында ұйымдастырылды. Мақсат - жас буынға ерте жастан кәсіби бағдар беру арқылы, олардың болашақта мамандығын дұрыс таңдауына жол көрсету.