Бүгінде облыста 101 діни бірлестік тіркелген. Қоғамдағы діни ахуал тұрақты болуы үшін олардың арасында түрлі іс-шаралар мен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары, пікір алмасу, өзекті мәселелерді талдау бойынша да жауапты мамандар жұмыс істейді. Ал кез-келген азамат діни сұрақтар жөнінде кеңес алу үшін немесе кей сұрақтарға жауап іздеген болса "Аңсар" ақпараттық талдау орталығына хабарласа алып, ондағы қызметкерлердің көмегіне жүгіне алады.