«Жаңа Конституция: болашаққа сенімді қадам». Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінде өткен кездесу осылай аталды. Жас буынның құқықтық сауатын арттыру, азаматтық белсенділігін жоғарылатуға бағытталған жиында спикерлер Ата Заңның мазмұнына терең тоқталып, құрылымдық өзгерістерді, құжаттың мән-маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, конституциялық өзгерістердің ел дамуына, демократиялық құндылықтардың нығаюына және халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерінің кеңеюіне қалай әсер ететінін атап өтті. Шара соңында ұйымдастырушылар жастарды белсенді болуға, заңды құрметтеуге және елдің дамуына өз үлесін қосуға шақырды.