Өңірде "Жұбанов көктемі" музыкалық апталығы өтуде. 23-ші сәуірде басталған мәдени шаралар бүгін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға ұласты. Кәсіби қазақ музыкасының негізін қалаушы, академик Ахмет Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына арналған жиынға ұлы тұлғаның ұрпақтары мен отандық және алыс-жақын шет мемлекеттердің көрнекті өнертанушылары жиналды.