Мамыр- еліміз үшін ерекше кезең. Бұл айда ақтөбеліктер Қазақстан халқынының бірлігі күнін, Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнін және сүйікті шаһарымыздың туған күнін тойлайды. Сондай-ақ, 31 мамырда саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алады. Атаулы даталарға орай облыс орталығы мен аудандарда мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады. 9 мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан азаматтарға бір реттік материалдық төлем беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында жауапты мамандар мәлімдеді. Ал 28 мамыр- қала күніне орай дәстүрге айналған "Тары фест" фестивалі және "Ақтөбе денс" , "Ақтөбе дауысы" байқауларының гала-концерттері өтеді деп жоспарлануда.