5 жыл ішінде Астана ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша балаларға арналған 200 ойын алаңы салынған. Ал бүгінде тұрғындар нақ осындай алаңдарды ұқыпты ұстауға дағдыланып келеді. Айталық, Тұран елді мекенінде ерлі-зайыпты зейнеткерлер үш жылдан бері балалар ойнайтын аумақ пен футбол алаңын күтіп ұстап отыр.