Жыл басынан бері өңір кәсіпорындарында 25 жазатайым оқиға тіркелді. Онда 26 қызметкер зардап шекті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға артқан. Өндірістегі оқыс оқиғалардың алдын алу үшін еңбек инспекциясы түрлі ақпараттық шараларды белсенді жүргізіп отырғанын айтады.