Аймақ басшысы биыл елімізде 120 жылдығы аталып өтіп жатқан қазақтың көрнекті ғалымы, әйгілі композитор Ахмет Жұбановтың ұрпақтарын арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Текті әулеттің қазақ мәдениеті мен ғылымындағы айырықша орнын атап өтіп, олардың ұлттық руханиятты дамытудағы еңбектеріне жоғары баға берді. Құрметті меймандарға мерейтойға арнайылап жасалған кәдесыйларды сыйға тартты. Әрі алғыс білдіріп, олардың қатысуы өңірде өтіп жатқан мерейтойлық іс-шаралардың маңызын арттыра түскенін алға тартты.