"Заң және тәртіп" жобасы аясында колледж студенттеріне құқықтық сағат ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастарға заң алдындағы жауапкершілік, құқық пен міндеттің арақатынасы, қоғамдағы тәртіптің маңызы жөнінде кеңінен түсіндірілді. Мамандар күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайларды мысалға ала отырып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Шараға жастар ресурстық орталығының өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысып, студенттерге арнайы дәріс оқыды.