"Саналы ата-ана: Психологиялық және отбасылық аспектілер". Осындай атаумен ата-аналарға арналған жиын өтті. Онда баланың мінез құлқы, дағдысы мен дарынын бақылау, психологиялық қолдау көрсету, жай күйін жіті бақылауда ұстап, үнемі байланыста болу тақырыптары қозғалды. Жиынға психолог мамандар мен сарапшылар қатысып, ата-аналарға кәсіби бағыт-бағдар берді. Практикалық жағдайларды іс-шара барысында талдап, кедергілерді шешу жолдарын ұсынды.