Өңірде Таза Қазақстан" акциясы аясында игі істер жалғасын табуда. Экологиялық шара негізінде бүгін №15 мектеп ауласында "Түлектер аллеясы" ашылды. Бастауыш сынып балғындары құстар ұясын қондырса, жоғары сынып өрендері білім ордасының айналасын алуан тал-терекпен көмкерді.