Облыстық мемлекеттік архивте "Халқын сүйген ұлы жүректің ұлы еңбегі" атты жиын өтті. Іс-шара қазақ халқының даңқты перзенті, аты аңызға айналған тары өсіруші Шығанақ Берсиевтің туғанына 145 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Оған ұлы тұлғаның есімі берілген Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушылары мен білім алушылары қатысты.