Мәртөк ауданында танымал күйші Қамбар Медетовтің туғанына 125 жыл толуына орай және тума талант иесінің атындағы балалар өнер мектебінің 50 жылдығына арналған концерттік шара өтті. Онда тарихи тұлғаның ұлт жадынан өшпеген күйлері шырқалды. Осынау мектептің ұстаздарына айрықша құрмет көрсетіліп, өнерпаз оқушылар сахна төрінде өнер көрсетті.