Жастардың бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы жағдай жасау, аймақтарды сапалы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта өткен жылы Қандыағаш қаласында футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді. Демеуші компанияның қолдауымен бой көтерген нысан жергілікті балалар мен ересектердің спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік берді.