Мұғалжарлықтар да "Бірлік күнін" айрықша тойлады. Аудан тұрғындары орталық саябаққа жиналып, мәдени шараны тамашалады. Онда татулық пен бірліктің құндылығы дәріптелді. "Бір ауыл-бір өнім" көрмесі ұйымдастырылып, кәсіпкерлер өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.