Өткен сенбіде 250 жас спортшы боз кілемде белдесіп, дзюдошылар татамиде кездесті. Жарыс жыл сайынғы дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын, білікті бапкер, ел мақтанышы Айдар Байназарұлының құрметіне арналған. Турнирге 15-16 жастағы жасөспірімдер қатысты. Жеңімпаздар "Спорт шеберлігіне үміткер" атанды.