Алпысты алқымдаса да аймақтың ардагерлері шымыр. Салауатты өмір салтын ұстанатын, қоғамдық өмір десе күш табатын қариялар спорттың қай түріне де бейім. Белсенді өмір сүру орталығының белсенділері сенбі күні үстел теннисінен тартысты ойын өткізді. Өңірдің әр ауданының аға буыны жиналып, өзара бақ сынасты. Бұл жарыс - Жеңістің 81 жылдығына арналған.