"Отан қорғаушылар" күні мерекесі қарсаңында Қобда ауданында ұйымдастырылған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Өңірдің әр ауданы мен қаладан қатысқан 18 бен 35 жас аралығындағы жас буын 10 командаға бөлініп сайысқа түсті. Ал ақтық сында үздіктері анықталып, марапатталды.