Ақтөбе облысы үйірлі шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын бастауға толық дайын. Биыл өңірде техникалық база күшейтіліп, егіс алқаптары мен жайылымдарды қорғау мақсатында химиялық өңдеудің заманауи тәсілдері енгізілді. Бүгін барлық аудандар жедел іс-шаралар жоспарын ұсынып, арнайы техникалардың дайындығын көрсетті.