Әйгілі күйші Қамбар Медетовтің ұрпақтары талант иесінің атындағы Мәртөк балалар өнер мектебіне барды. Құрметті меймандар жаңа ғимараттың тыныс-тіршілігімен танысып, осында оқитын балалардың өнерін тамашалады. Және мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, жас буынға үлгі-өнеге көрсетті.