Облыста мүлікті ұрлау дерегі азайған. Жыл басынан бері шамамен 270 оқиға тіркелген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда аз. Дегенмен, тәртіп сақшылары қазіргі уақытта бақылау жұмыстарын күшейтті. Себебі, күн жылынып, жер аяғы кеңейгелі велосипед ұрлау дерегі көбейген. Қазіргі уақытқа дейін 15 велосипед ұрланған. Полицейлер күдіктілердің басым бөлігін ұстағанын мәлімдеді.