Жаңа жылдық мереке күндері полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қоғамдық тыныштық пен тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары облыс аумағының әр бөлігін бақылауда ұстайды. Халық қарасы көп шоғырланатын саябақтар, скверлер және қаланың орталық көшелерінде патрульдік полицейлердің күшейтілген құрамы жұмыс істейді. Мерекелік іс-шаралар өтетін аймақтар ерекше назарда болады.