Ал Астана ауданы әкімдігі ерекше балаларға арнап жаңа жылдық кеш ұйымдастырды. Аниматорлар бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, сахналық қойылым көрсетті. Шыршаны айналып әр шырқаған балалар түрлі сыйлықтарға, атап айтсақ тәттілерге және ойыншықтарға ие болды. Ал мерекелік кешке келу мүмкіндігі болмаған балалардың сыйлықтары үйлеріне жеткізілді