Аймақ басшысы «Жұлдыз» арнайы балабақшасына барып, онда бүлдіршіндерді тәрбиелеу үшін жасалған жағдайлармен танысты.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйекте жұмыс бастаған мекеме психикалық дамуында ауытқуы бар және сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған.
Бүгінде бұл балабақшада ерекше білім беруді қажет ететін 130-дан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр.