Жаңа жыл қарсаңында қалада қауіпсіздік шаралары күшейді. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері жаңа жылдық мерекелік шаралар өткізілетін аймақтарды бақылауға алып, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Мереке қарсаңында 300 ден астам аумақ қазір сала мамандарының тікелей бақылауында. Атқарылып жатқан істер жайлы өңірлік коммуникациялар алаңында айтылды.