Өңірде әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған Ұлттық ақпараттық науқаны өтіп жатыр. Онда іскер әйелдерге мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары қарастырылғаны, сондай-ақ кәсіпкерлік саласындағы жаңашыл өзгерістер туралы ақпарат ұсынылып келеді.
Ал бүгін "Анаға тағзым" орталығында қала әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен семинар өтті.
Шара өз кәсібін ашқан немесе кәсіп ашуға ниетті әйелдерге арналды. Айта кетейік, аталған науқан желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.