Қала әкімдігі жылды қорытындылап, шаһар дамуына үлес қосқан үздіктерді марапаттады. Өңірдің әр жетістігінде өзіндік үлесі бар алуан маман иелерінің қатарында қарапайым жолшыдан бастап, құрылысшы, бірнеше қылмыстың бетін ашқан учаскелік полицей, мыңдаған отаны сәтті өткізген дәрігер мен қайырымдылық жасап көпке үлгі болған ерікті жастар бар.